"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА" АҚ БАСШЫЛЫҒЫ ӘЛЕУЕТТІ ИНВЕСТОРЛАРМЕН АЭА АУМАҒЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Ағымдағы жылдың 15 наурызында "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ басшылығы әлеуетті инвесторлар - "Rokos Group Global" ЖШС және "KMD Trade&Transport Group" ЖШС компанияларының өкілдерімен АЭА аумағында инвестициялық жобаларды орналастыру мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында жобаларды орналастыру тәртібі, жер учаскелерін беру, АЭА қатысушыларына берілетін жеңілдіктер мен преференциялар, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормалары туралы түсініктемелер берілді. Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.

"Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі.

 

Желілерде бөлісу:

  • 214